Қазақстанда пойызбен қатынайтын жолаушылар саны күрт азайды

0
615

Есесіне, теміржол көлігі қызметінің бағасы айтарлықтай өскен.


Қазақстанда пойызбен қатынайтын жолаушылар саны күрт азайды

ERNUR.KZ. Қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда теміржол пойызымен 6,6 млн адам қатынаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,7%-ға аз. Соңғы шілде айында 708,9 мың жолаушы тасымалданды, бұл маусым айымен салыстырғанда 14,2% төмен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

7 айдың ішінде 23 млн тонна жүк пен жолжүгі тасымалданды – өткен жылмен салыстырғанда 1,9% жоғары. Шілде айында жүк тасымалы 35,4 млн тоннаны құрады, бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 9,2% жоғары. Алайда, өткен жылдың шілде айындағы көрсеткіштен 0,2% төмен.

2020 жылдың шілдесінде теміржол көлігі қызметінің бағасы өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 9,5%-ға өсті.

Айтарлықтай өсім Ақмола облысы (16,1%), Түркістан облысы (15,4%), Алматыда (15,1%) байқалды. Теміржол көлігі қызметінің бағасы тек Атырау облысында ғана арзандаған (0,1%).