Тәртіп бұзушы - Украина азаматы.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан-Алматы рейсінің жолаушысы ұшақ бортындағы маска режимін бұзғаны үшін жазаланды, деп жазады Stan.kz.
Көліктегі ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп бұзушы - шетелдік, Украина азаматы. Ол ұшаққа отырғызу кезінде маска тағудан бас тартты. Бұл үшін оған 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынды.
Сондай-ақ, мониторингтік топ әуежайларда және кеме бортында жолаушылардың маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауы үшін тұрақты негізде рейдтер жүргізетіні атап өтілген.
"Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов тұрғындарға әуежайда тіркелу және әуе кемесінің бортына отырғызу кезінде маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұрады. Бұл денсаулықты сақтауға, сондай - ақ жазадан құтылуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.