Жексенбі күні сауда үйлері мен сұлулық салондары жұмыс істемейді.
Ақтөбе облысында карантин күшейтілді. Өңірдің бас санитария дәрігерінің қаулысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қаулыға сәйкес, банктер, ХҚКО, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері жұмыс күндері және сенбіде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді, ал жексенбі күндері жабық.
- Сауна, моншалар жексенбіден басқа жұмыс күндері және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес талаптарды сақтай отырып жұмыс істейді.
- Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар алдын ала жазылу бойынша ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс істейді.
- Жабық спорт нысандары (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтар да алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді, сенбі және жексенбі күндері жабық.
- Бассейндерге сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. Қалған күндері алдын ала жазылу бойынша ішкі тәртіпке сәйкес істейді.
- Сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері жұмыс күндері және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді (балалардың ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынады), жексенбі күндері жабылады.
- Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрін сататын дүкендер жұмыс күндері және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді, жексенбі күндері тыйым салынады.
- Даладағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлар ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс істей алады, жексенбі жабылуы тиіс.
- Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс істей алады, жексенбіде жабылады.
Қаулы төртінші сәуірден күшіне енеді. Айта кетсек, Ақтөбе облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.