ҚР Президентінің атап өтуінше, елімізде тауарлық және сұйытылған газды қосымша өндіруге қажетті барлық жағдай бар.
ERNUR.KZ. Елімізде тауарлық газ тапшылығы тәуекелі бар. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Өткен жылы біз айтарлықтай энергия дағдарысына тап болдық. Дизель отыны, әуе керосині, сұйытылған мұнай газы, электр энергиясы тапшылығы байқалды. Бұл сапасыз жоспарлаудың, бақылаудың жоқтығының және жекелеген тұлғалардың арам ниетті іс-әрекетінің салдарынан болды. Бүгінде тауарлық газ тапшылығының тәуекелі бар. Өткен жылы Kazakhgas ойланбастан жаңа өнеркәсіптік нысандарды газға қосуға мораторий енгізді. Соның салдарынан бірқатар өңірде жаңа, оның ішінде жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған жобаларды жүзеге асыруға қажетті газ жоқ», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, елімізде тауарлық және сұйытылған газды қосымша өндіруге қажетті барлық жағдай бар.
«Бірақ, газдың теңгерімді әрі коммерциялық тұрғыда тартымды нарығын құру мәселесі шешілер емес. Сондықтан Энергетика министрлігінен нақты ұсыныстар күтемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.