Қазақстанда тойып тамақ жей алмайтын адам саны артты - зерттеу

0
447

Коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың табысы мен сатып алу қабілетінің төмендеуінің себебі болып отыр.


Қазақстанда тойып тамақ жей алмайтын адам саны артты - зерттеу

ERNUR.KZ. 2020 жылы Қазақстан халқының 4,4 пайызы тойып тамақ жей алмады және аш болды. 2019 жылы олардың үлесі төменірек - 4,1 пайызға тең болған, деп жазады Tengrinews.kz.

"Сонымен қатар, тамақты ең төменгі калория мөлшерінен аз жейтін халықтың үлесі қалалық жерлерде қашанда жоғары. Мысалы, 2019 жылы бұл көрсеткіш 4,1 пайызға тең болса, ауылдық аймақта 3,1 пайыз болған. Алайда 2020 жылы ауыл тұрғындары арасында тойып тамақ жемегендер саны өсіп, көрсеткіш 4,2 пайызға жетті, ал қалалық аймақта 4 пайызға тең болды, - деп жазылған мақалада.


2020 жылы тұрғындардың тәулік көлемінде тұтынған азық-түліктерінің энергетикалық құндылығы жан басына шаққанда орта есеппен 3425 калорияға тең. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5,3 пайызға көп. Бірақ энергетикалық құндылықтың минималды қажеттілігі өзгеріссіз қалған: 2019 жылы жан басына 1866 калория болса, 2020 жылы 1863 калория.

Мақала авторларының айтуынша, азық-түліктердің тағамдық құрамы бойынша жартысынан көбі - 51,9 пайызы көмірсуларға (нан және дәнді дақылдар өнімі) тиесілі болса, май және ақуыз үлесі (ет, теңіз және сүт өнімдері мен жұмыртқа) 35,5 пен 12,6 пайыз.

Коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың табысы мен сатып алу қабілетінің төмендеуінің себебі болып отыр. Экономистердің айтуынша, жағдайды дұрыстау үшін шұғыл шара қабылдау қажет.