Өлшеу рәсімі, әуе билеттерінің құнына еш әсер етпейді.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Air Astana әуе компаниясы ұшу алдында ерік білдірген жолаушыларының салмағын өлшеуге көшті, деп жазады zakon.kz.
"9 тамыздан 31 тамызға дейінгі кезеңде Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшатын 18 жастан асқан әуе компаниясының жолаушыларына ерікті түрде салмағын өлшеу ұсынылады", деп хабарлайды "Air Astana" АҚ баспасөз қызметі.
Әуе компания жолаушыларды ұшу алдында өлшеу әуе балансын құру үшін статистикалық мәліметтерді жинау мақсатында Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ережелеріне сәйкес жүргізілетінін түсіндірді.
Бұл процедураны қауымдастыққа мүше әуе компаниялар әр бес жыл сайын жүргізіп отырады.
Жолаушы салмағын өлшеу ұшуға тіркелгеннен кейін жолаушының жынысына қарай бөлінген арнайы белгіленген жерде жүзеге асырылады. Процедура құпия ақпаратты жинауды көздемейді. Өлшеу рәсімінен өткен жолаушылар ұтысты лотереясының қатысушылары бола алады, деп атап өтті "Air Astana" АҚ баспасөз қызметі.
Өлшеу рәсімі, әуе компаниядағылар атап өткендей, "әуе билеттерінің құнына еш әсер етпейді және ол тек ұшу қауіпсіздігін жақсарту үшін ғана жүргізіледі".