Қазақстанда жалақыны көтеру үшін халықтан қол жинау басталды

0
736

Қазір еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңге. Жаңа жылдан бастап оның көлемі 60 мың болады.


Қазақстанда жалақыны көтеру үшін халықтан қол жинау басталды

ERNUR.KZ. Елімізде ең төменгі жалақыны 90 мың теңгеге дейін көтеру бойынша петиция басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Мұндай ұсынысты Қазақстан Халқы партиясы мен Қазақстанның еңбек конфедерациясы жасады. Партия төрағасы Айқын Қоңыровтың айтуынша, күн сайын бағасы шарықтап бара жатқан тауарлар мен тұрақсыз инфляция кезінде біздегі айлық тым мардымсыз.

Оны арттыру үшін еліміздегі еңбекақыны есептеу әдісін қайта қарау керек. Осы мақсатта Үкіметке Халықаралық еңбек ұйымының №131 конвенциясын ратификациялауды ұсынылыпты.

Соның нәтижесінде бір адамның ғана емес оның отбасы мүшелерінің де қажеттіліктерін ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеудің заңнамалық тәртібін енгізуге болады.

Айта кетсем, қазір еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңге. Жаңа жылдан бастап оның көлемі 60 мың болады.