Қазақстандық 1 000 теңге үшін сегіз жылға сотталды

0
2 500

​Ол өз пайдасын алдын ала есептеп алғаннан кейін аралда орналасқан қалаға барды. Сол жерде пәтер жалдап, есірткі заттарын алды.


Қазақстандық 1 000 теңге үшін сегіз жылға сотталды

ERNUR.KZ. Оңтүстік-Сахалинск қаласының соты қазақстандыққа қатысты үкім шығарды. Ол есірткі заттарын таратқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Тергеу материалдарына сәйкес, белгісіз біреу Қазақстаннан шыққан азаматқа Telegram мессенджері арқылы жазып, есірткі заттарын құпия жерлерге салу арқылы ақша табуды ұсынды. Негізгі талап - Оңтүстік-Сахалинск қаласына келіп, есірткінің бір партиясын жасырын жерлер арқылы тарату.

"Есірткі заттарын алдын ала өлшеп, 2 граммнан асырмай 35 полимер қалташасына салып қойған. Шетелдікке әрбір жасырын жер үшін 200 рубль (1 118 теңге) төлеуге уәде берген. Мигрант оған бірден келісе кетті", - делінген соттың ресми хабарламасында.
Қазақстандық өз пайдасын алдын ала есептеп алғаннан кейін аралда орналасқан қалаға барды. Сол жерде пәтер жалдап, есірткі заттарын алды. Ал бір жасырын жерді жасақтағаннан кейін тапсырыс берушіге оның орналасқан жерін жіберді. Артынан тағы есірткі түйіншегін алды. Оны енді жасырамын деп жатқанда полицияның қолына түсті.

"Сот мигрантты кінәлі деп танып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ер адам өз жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейді", - дейді сот мамандары.