Қазақстандық 33 парақор шетелде жүр

0
947

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бүгінде 65 қылмыскерді іздестіріп жатыр.


Қазақстандық 33 парақор шетелде жүр

ERNUR.KZ. Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттер тобына мүше болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Олжас Бектенов осының арқасында парақорларды жылдам елге экстрадициялауға септігін тигізетінін айтады, деп жазады Tengrinews.kz.

Бектенов Қазақстанның ГРЕКО ұйымына мүше болып кірген 50-мемлекет екенін айтты. Бұл еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының еуропалық стандарттарға сәйкестігіне тұрақты мониторинг жүргізуді көздейді.

"Іздеуде жүрген, шетелде қашып жүрген қылмыскерлерді экстрадициялау мүмкіндігі жоғарылайды және заңсыз иеленген актив қайтарылады. Жалпы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бүгінде 65 қылмыскерді іздестіріп жатыр. Олардың 33-і шетелде. Осы бағыттағы жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр", - деді Бектенов ОКҚ брифингінде.