Қазақстандық актер Лос-Анджелесте "Үздік ер адам рөлі" марапатын жеңіп алды

0
634

Қазақстандық актер Asian World film festival кинофестивалінде "Үздік ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алды, байқауға отандық "Огонь" фильмі қатысқан.


Қазақстандық актер Лос-Анджелесте

ERNUR.KZ. Танымал қазақстандық актер Төлепберген Байсақалов Лос-Анджелесте өткен Asian World film festival кинофестивалінде "Үздік ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алды. Марапат Айжан Қасымбек режиссер болған "Огонь" ("От") фильміндегі жұмысы үшін табысталды, деп жазады sputnik.kz.

Отандық "Огонь" фильмі Қазақстандағы қазіргі жағдайды қарапайым адамның өмірі арқылы баяндайды. Төлепберген Байсақалов рөлін сомдаған басты кейіпкер Толик – үлкен қалада өмір сүретін отбасының асыраушысы. Ол қала өміріне үйреніп, отбасын асырауды ойлайды.

Кейіпкер курьер болып жұмыс істейді. Көптеген адам секілді ол да отбасын асырай алмай, қарызға батады, кредит алады. Алайда ол өзінің қызына үлкен үміт артады. Бір күні жұмыстан келген соң қызы Сәуленің жүкті екенін біледі. Осы жаңалық қыздың болашағына қатысты жоспардың күл-талқанын шығарады. Мәселені шешкісі келген Толик көптеген кедергіге тап болады.

Asian World film festival дүниежүзілік Азия кинофестивалі биыл жетінші рет өтіп жатыр. Оған азиялық режиссерлердің жұмысы қатысады. Бұл байқауға 20-дан астам елден 30 жұмыс қатысты.

"Огонь" фильмінің әлемдік премьерасы Пусанда (Оңтүстік Корея) халықаралық фестивальде өтті. Өткен аптада актер Төлепберген Байсақалов Сочи кинофестивалінде үздік ер рөлі үшін марапатталды.