Аружанды өкшелеп келе жатқан Сандуғаш Кенжебаева 79-дан 78-ге көтерілді.
ERNUR.KZ. Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кіші жастағылар арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Аружан Сағындықова 77-орынға орнықты.
Аружанды өкшелеп келе жатқан Сандуғаш Кенжебаева 79-дан 78-ге көтерілді.
Жанель Рүстемова 147-орында болса, бірден 49 сатыны артқа тастаған Дана Байдәулет әлемнің 167-ракеткасы атанды. Еркежан Арыстанбекова 193-інші, Айя Нұпбай 211-сатыда (+47) тұр. Өткен аптамен салыстырғанда, Асылжан Арыстанбекова (+10, 213-ракетка) мен Іңкәр Дүйсебай (+33, 459-ракетка) да өз көрсеткіштерін жақсартты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Швейцариядағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.