Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді

0
715

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6.


Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді

ERNUR.KZ. Сейсмикалық стансалар желісі 21 мамырда Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 430 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inform.kz.

«Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 9 сағат 06 минут 33 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. Магнитудасы - 4.2. Тереңдігі - 20 км. Байқағыштық туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - деді Алматы қаласы ОСО кезекші операторы.