Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 31, осы жарыстың 4-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен кездесті.
ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады Azattyq Ruhy.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 31, осы жарыстың 4-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен кездесті. Бірінші партияда Бублик 6:3 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде қарсыласы есе қайырды – 7:5. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы дегеніне жетті – 6:4.
Александр финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 284-орында тұрған, «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы, швейцариялық Станислас Вавринкамен кездеседі.