Қазақстандықтардың мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша берешегі 24 млрд теңгеден асты.
ERNUR.KZ. ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, 919 мың азамат 24,3 млрд теңге салық төлемеген. Берешектің негізгі сомасын көлік салығы құрап отыр, деп жазады sputnik.kz.
Көлік салығы бойынша қарызы ең көп өңірлер:
Алматы қаласы – 88 мың борышкердің берешегі – 5,2 млрд теңге;
Алматы облысы – 132 мың борышкердің қарызы – 3,9 млрд теңге;
Нұр-Сұлтан және Шымкент – 76 мың борышкердің тиісінше 2,6 млрд теңге және 1,9 млрд теңге берешегі бар.
Комитет 2021 жылға жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі биыл 1 сәуірде аяқталғанын еске салды.
"2022 жылғы 17 мамырдан салықты уақтылы төлемеген, 1 АЕК-тен асатын берешегі жеке тұлғаларға борышты өндіріп алу туралы салық бұйрықтары жолдана бастады", - деді МКК.
Берешек төленбеген жағдайда салық бұйрығы табыс етілген күннен кейін 5 жұмыс күні өткен соң, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі. Жеке сот орындаушылары заңға сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқығы бар.
Егер қарыз 40 АЕК-тен асса, азаматқа елден шығуға тыйым салынуы мүмкін. Қазақстаннан шығуға тыйым салу туралы ақпаратты мына жерден білуге болады.