Қазақстандықтар жиі пайдаланатын әлеуметтік желілер анықталды

0
3 282

2021 жылдың қаңтарында танымал әлеуметтік желілердің рейтингісі жарияланды.


Қазақстандықтар жиі пайдаланатын әлеуметтік желілер анықталды

Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілер белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Statcounter Global Stats мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі - Facebook. Оның нарықтағы үлесі – 69,8%. Одан кейінгі орындарда Pinterest (11,9%), Twitter (9,5%), YouTube (4,9%) Instagram (2,6%) тұр.

Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желі ретінде Pinterest (32,7%) көш бастап тұр. Үздік «бестікке» сондай-ақ YouTube (20,4%), «ВКонтакте» (14,9%), Facebook (13,5%) және Twitter (11,3%) кірді.

Қазақстандықтар үстел үстіндегі құрылғылар – дербес компьютер, ноутбук және моноблоктарда отырып, ең көп кіретін әлеуметтік желілер – Рinterest, YouTube және «В Контакте». Планшеттерден ең көп кірілетіндер арасында Pinterest, Facebook және YouTube бар, бұл «үштік» сондай-ақ смартфон иелерінің үлкен сұранысына ие, алайда бұл топта YouTube танымалдылық жағынан екінші орынға шыққан.

Play Market қосымшалар дүкенінің мәліметінше, Pinterest-тің бүкіл әлем бойынша пайдаланушылары қосымшаны 5 жұлдыздың ішінен 4,6-ға бағалады. Одан кейін тізімде 4,2 жұлдыз жинаған YouTube және Twitter тұр. Facebook 4,1, ал «В Контакте» — 3,4 жұлдызға бағаланған.