Қазақстандықтардың 6,3 пайызы ғана зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады

0
794

2021 жылы зейнетақы жинағындағы ақшаны пайдаланғысы келетін азаматтар тиісті өтінім жазу керек.


Қазақстандықтардың 6,3 пайызы ғана зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады

ERNUR.KZ. БЖЗҚ салымшыларының 6,3 пайызы немесе 720 мың адам ғана зейнетақы жинағын үй алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына бере алады, деп жазады Tengrinews.kz.

2020 жылғы 1 тамыздағы деректер бойынша БЖЗҚ-да 11,5 миллион салымшы бар. 136,1 салымшының жинағы жоқ (жеке зейнет есебі нөлге тең).

"Оның 6,3 пайызы (720 мың адам) осы шарттарға сәйкес келеді", - деді Еңбек министрлігіндегілер.

Зейнатақы қорындағы ақшасын ала алатын қазақстандықтар:

2021 жылы зейнетақы жинағындағы ақшаны пайдаланғысы келетін азаматтар тиісті өтінім жазу керек дейді министрліктегілер.

Еске салайық, 1 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды және бала таба алмай жүрген отбасыларға қалай көмек көрсетілетінін айтты.