Қазақстандықтардың Кореяда жұмыс істеуіне рұқсат берілуі мүмкін

0
861

Кореяда 10 875 қазақстандық заңсыз жүр.


Қазақстандықтардың Кореяда жұмыс істеуіне рұқсат берілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстандықтардың Кореяда балық және ауылшаруашылық салаларында заңды түрде жұмыс істеуіне рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі айтты, деп жазады Zakon.kz.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан үкіметі Корея үкіметімен бірлесіп, осы елдің балық және ауылшаруашылық салаларында қазақстандықтар үшін маусымдық жұмыс істеу мүмкіндіктерін қарастыруда. Одан басқасының бәрі – Оңтүстік Корея мен Қазақстан заңдарын бұзу болып табылады", – деді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Ресми өкіл Кореяға 30 күнге визасыз кіру рұқсаты – жұмысқа орналасуды көздемейтінін атап өтті.

"Сондықтан, Кореяға жұмысқа жіберіп жатқан барлық қазақстандық компаниялардың бұл тірлігі заңсыз, олар лицензиясыз жұмыс істеуде. Жалпы, қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды жұмысқа орналасуы қарастырылмаған", - деп қосты Айбек Смадияров.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Кореяда 10 875 қазақстандық заңсыз жүр.