Қазақстаннан Қытайға 10 млн теңге алып өтпек болған екі азамат ұсталды

0
884

Ақша алып өтпек болғандар кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында ұсталған.


Қазақстаннан Қытайға 10 млн теңге алып өтпек болған екі азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Бүгін Алматы облысында шекарашылар Қазақстаннан Қытайға декларацияланбаған қаражат өткізбек болған екі азаматты ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.

«2019 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ №2088 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында екі қазақстандық азаматты ұстады», - делінген хабарламада.

Азаматтар Қазақстаннан Қытайға декларацияланбаған 5 000 000 теңге және 5 531 000 теңге көлемінде қаражат алып өтпек болған.

«Қазіргі уақытта кінәлі тұлғалар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 551-бабы, 3-бөлімі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - дейді баспасөз қызметі.