ҰҚШҰ бітімгерлерінің алғашқы легі 13 қаңтарда елімізден кеткен болатын.
ERNUR.KZ. Ресей Аэроғарыш күштерінің қырық ұшағы бір тәулікте Ресей Федерациясының ҰҚШҰ бітімгерлерін Қазақстаннан Мәскеу және Ульянов облыстарындағы әскери аэродромдарға жеткізді, деп жазады ulysmedia.kz.
Бұл туралы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі мәлімдеген.
Аталмыш аэродромдарда Аэроұтқыр әскерлері қолбасшылығының қатысуымен бітімгершілік күштерінің салтанатты жиыны ұйымдастырылғаны атап өтілді.
«Өткен тәулікте Ресей Аэроғарыш күштері әскери-көлік авиациясының 40 ұшағы Қазақстан Республикасынан ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің ресейлік бітімгерлерін Мәскеу және Ульянов облыстарындағы әскери аэродромдарға жеткізді», - делінген хабарламада.