Қазақстанның азық-түлік қоры қанша айға жетеді

0
538

АШМ жаңа мәлімет жариялады.


Қазақстанның азық-түлік қоры қанша айға жетеді

иллюстрациялық фото

Ауылшаруашылығы министрлігі халықты негізгі азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының 32 түрі бойынша өңірлердің қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді. Мониторинг тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорларды ескереді.

20 тамыздағы жағдай бойынша, республикада жалпы көлемі 819 мың тонна түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар: оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 301 мың тонна, қоймаларда – 86,6 мың тонна, сауда желілерінде – 374 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 18,3 мың тонна. Бұдан басқа, 495,7 млн дана жұмыртқа қоры бар.

Көрсетілген көлем өнім түрлері бір айдан алты айға дейінгі мерзімге жеткілікті. Азық-түлік тауарларының өндірісі артып, қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан олар бойынша тапшылық жоқ және ұзақ мерзімге жеткілікті тұрақты қор бар», - делінген АШМ хабарламасында.