18 шілдеде өтетін финалда қазақстандық теннисші америкалық Максим Крессимен ойнайды.
ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ньюпортта (АҚШ) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп жазады Stan.kz.
½ финалда ол австралиялық Джейсон Кублерді сенімді түрде ұтты. Бір сағат он минутқа созылған кездесу 6:3, 6:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. Айта кетейік, ATP рейтингінде Бублик 42-ші орында, ал Кублер 102-ші орында.
Ертең, 18 шілдеде өтетін финалда қазақстандық теннисші америкалық Максим Крессимен ойнайды.