Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды

0
1 574

Бұл ретте су арнасының толу және су басу ықтималдығы бар.


Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды

ERNUR.KZ. 12-14 наурыз аралығында Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жасалды, нөсер жауады, деп жазады Tengrinews.kz.

2023 жылғы 12 наурыздан 14 наурызға дейінгі аралықта қатты жаңбыр болжануына байланысты Жетісу облысында, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматыға іргелес аумақтарда еңіс ағын қалыптасып, өзендердегі су деңгейі көтеріледі деп күтіледі.

2023 жылғы 12-14 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында аралас жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына, қардың қарқынды еруіне, еріген су және еңіс ағындардың қалыптасуына байланысты, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су арнасының толу және су басу ықтималдығы бар.