Қазақстанның даму банкі 2023 жылға дейінгі даму стратегиясын қайта қарастыруда.
ERNUR.KZ. Қазақстанның Даму банкі 2023 жылға дейінгі даму стратегиясын қайта қарастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның даму банкі 2023 жылға дейінгі даму стратегиясын қайта қарастыруда. Стратегияның жаңартылған нұсқасында банк қолдауын кеңейту жоспарлануда. Мысалы синикатталған қаржыландыру және басқа да несие құралдарын енгізу, сондай-ақ квазимемлекеттік жобалардың үлесін азайтуды және жеке сектордағы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауды арттыруды жоспарлап отырмыз. Жалпы жаңартылған стратегиямыз тұрақты дамуға, банктің диджитал мәдениетін дамытуға, сондай-ақ негізгі қызметіміз бен несиелеу құралдарын жақсартуға бағыталады», - деді «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслизатында.
Оның айтуынша биыл банктің құрылғанына 20 жыл толады.
«Біз үшін бұл атаулы оқиға. Осы жылдың мамырына қарай 20 жылдық жұмысымызды қорытындылап, сіздермен бөлісеміз деген үміттеміз», - деді ол.