Қазгидромет мәліметінше, 25 маусымда Астана мен Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
ERNUR.KZ. Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі, деп жазады Tengrinews.kz.
Қазгидромет мәліметінше, 25 маусымда Астана мен Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз ауа райында мына сақтық шаралары ұсынылады:
- ашық ауада, әсіресе тасжолдар немесе басқа ластаушы көздер маңында уақыт өткізуді қысқарту;
- балалар мен жүкті әйелдер далада ұзақ серуендеуден аулақ болу керек;
- созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулардан зардап шегетін адамдар далада
- жүргенде қажетті дәрі-дәрмектері болуы керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеу;
- дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу.