Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
1 130

Қызылорда облысында түнде шығыстан, облыс орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді деп күтіледі.


Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. "Қазгидромет" РМК ескерту туралы қысқа болжам ұсынды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Қызылорда облысында түнде шығыстан, облыс орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді деп күтіледі.

Түнде Қызылордада шығыстан екпіні секундына 15 метр болатын жел соғады.

Оңтүстікте, Түркістан облысының тау бөктерінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан, таулы аймақтарда соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.