«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы бекітілді

0
1 427

Награда иесіне 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолдық қаржы беріледі.


«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы бекітілді

ERNUR.KZ. Елімізде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атты мемлекеттік награданың жаңа түрі белгіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтты.

«Бұл награда 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолдық төлем жасауды көздейді», - деп мәлімдеді Б.Асылова.