2021 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 230 829 теңгені құрады.
ERNUR.KZ. Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 231 мың теңгені құрайды. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
2021 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 230 829 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 115,2%, ал нақты жалақы индексі 107,4% құрады.
Салалар бойынша ең үлкен атаулы жалақы:
- тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында – 509,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары);
-қаржы және сақтандыру қызметінде – 420,8 мың теңге
(1,8 есеге асты);
- кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 345,7 мың теңге (1,5 есеге асты);
- ақпарат және байланыс саласында – 328,1 мың теңге (1,4 есеге сәйкес).
Ең төменгі атаулы жалақы:
- ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 116,1 мың теңге;
- сувмен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметінде -141,8 мың теңге.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында – 405,8 мың теңге. Бұл, орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Одан кейінгі орындарда Маңғыстау облысы (344 329 теңге), Нұр-Сұлтан (307 546 теңге) және Алматы (268 463 теңге) қалалары тұр.
Ең төменгі еңбекақы Солтүстік Қазақстан облысында - 166,7 мың теңге. Бұл, орташа деңгейден 27,8% төмен. Одан кейінгі орында Шымкент қаласы (175 858 теңге), Жамбыл (176 884 теңге) және Түркістан (178 479 теңге) облыстары орналасқан.