Казанцев: Nur Otan партиясының мүшелігінен 243 мың адам шығарылды

0
525

Партияішілік сайлау белгілі талаптар бойынша өткізілді.


Казанцев: Nur Otan партиясының мүшелігінен 243 мың адам шығарылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Nur Otan партиясының Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Nur Otan партиясының ішкі партиялық іріктеу қорытындысы туралы брифингте айтты, деп жазады baq.kz.

Партияішілік сайлау белгілі талаптар бойынша өткізілді. Алайда, ұйымдастыру комитеттері мен үміткерлердің қызметі бойынша олқылықтар кездесті. Праймериз 3 кезең бойынша жүзеге асырылды. 17 тамыз бен 4 қазан аралығында барлық деңгейдегі партиялық бақылау комитеттері 30-дан астам шағымды қарады. Праймериздің талаптарын бұзғаны үшін 34 адам шеттетілді. Оның ішінде 28-і міндетті дебатқа қатыспағаны үшін шығарылды. Ең көп шағым Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген, - деді ол.

Казанцев айтып өткендей, праймериз барысында партиялық жаза 20 мүшеге қолданылған.

Ол Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында үміткерлерге үгіт-насихат жүргізуге алаң ұсынбағаны үшін бірқатар ауданның әкімдеріне сөгіс жарияланғанын айтты.

Қазіргі таңда партиялық бақылау комитеті праймеризге қатысты шағымдарды қарау мен халық көтеріп отырған маңызды салаларға әсер етуді жалғастырып жатыр. 2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың қыркүйегі арасында тәртіпті орындамағаны үшін 243 мың адам шығарылды, - деді ол.