Мамандар метерологиялық жағдайдың 2 деңгейге жететінін ескертеді.
ERNUR.KZ. Синоптиктер Қазақстанның 11 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайды болжап отыр, деп жазады stan.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, 25 – 26 наурызда түнде метеорологиялық жағдайлар атмосферада заттардың жиналуына ықпал етіп, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы күтіледі.
Ал Алматы, Шымкент, Атырауда 25 – 26 наурызда түнде метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал еткенімен, қалаларда атмосфералық ауаның ластану деңгейінің төмендеуі күтілуде.
Өскемен, Семей, Риддер: 25 наурызда метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, қалаларда ауаның жоғары ластануы күтілуде.
Мамандар метерологиялық жағдайдың 2 деңгейге жететінін ескертеді.