Видео әлеуметтік желілерде тарады.
ERNUR.KZ. Қазнетте қала сыртындағы тасжолда полицей мен ер адамның төбелескен видеосы пайда болды, деп жазады Tengrinews.kz.
Видео кадрларларынан ер адамның полиция қызметкерін жерге құлатып, төбелесіп жатқанын көруге болады. Видео әлеуметтік желілерде тарады. Онда төбелестің қала сыртындағы тасжолда болғаны байқалады. Біраз уақыттан кейін полицейдің әріптесі мен жанындағы ер адам төбелеске араласып, оларды ажыратады.
Полиция департаменті оқиғаның Қостанай облысы аумағында болғанын растады.
"Бұл видеоны полиция департаменті тексеріп жатыр. Барлық мән-жайды анықтау үшін қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тергеу тағайындалды", - деп хабарлайды Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.