ҚазҰУ ректоры UNION қауымдастығының президенті болып сайланды

0
850

Ұйым президенті конкурстық негізде сайланады.


ҚазҰУ ректоры UNION қауымдастығының президенті болып сайланды

ERNUR.KZ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов UNION Халықаралық университеттер ассоциациясының президенті болып сайланды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан QS Worldwide форумында айтылды, деп хабарлады ҚазҰУ баспасөз қызметі.

UNION халықаралық университеттер ассоцияциясы (Universities Open Network) 35 елдің 100-ден астам жетекші университеттері кіретін ғаламдық желі болып табылады. Ұйым президенті конкурстық негізде сайланады.

Барселонада (Испания) өткен Ассамблеяда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов бірауыздан қауымдастықтың басшысы болып сайланды.

19-20 қыркүйек аралығында Алматыда өткен Университеттердің жаһандық форумында Барселона жоғары менеджмент мектебінің директоры Татьяна Компаниец ректорға сертификатты табыстады.

«Біз Ғалым Мұтановты белгілі ғалым, тиімді менеджер және жоғары білім саласындағы жаңашыл тұлға ретінде білеміз. Оның басшылығымен ҚазҰУ үлкен жетістіктерге жетіп, халықаралық деңгейдегі озық университетке айналды. Ол Ассамблеяны басқара отырып, оның қызметіне және мақсаттарына қол жеткізуде үлкен үлес қосатынына сенімдіміз», - деді Т. Компаниец.