Кейбір жолдарда ауа райына байланысты қозғалыс шектелді

0
2 614

Ақмола облысында жеті учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілген.


Кейбір жолдарда ауа райына байланысты қозғалыс шектелді

ERNUR.KZ. Тасжолдардың 23 учаскесінде ауа райы қолайсыздығына байланысты қозғалыс шектелді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ақмола, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қар көп жауғанына, боран соғуына, жол көрінбеуіне байланысты республикалық тасжолдар жабылды", - деді компания өкілі.
Ақмола облысында жеті учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілген. Жетісу облысында екі учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді: "Алматы-Өскемен" 557-615 шақырым, Үшарал қаласы-Абай облысының шекарасы.
Жүк және қоғамдық көлік үшін мына жолда шектеу енгізілген: 5 қаңтар сағат 06.00-ден бастап "Сарыөзек-Көктал" 45-68 шақырым, (Алтын Емел).
Абай облысында алты учаске жабылды. Шығыс Қазақстан облысында да алты учаскеде қозғалыс шектелді. Ал Қостанай облысында екі учаскеде қозғалыс шектелді.