Келесі жылдан бастап жасөспірім қыздар арқа-бұлшық ет атрофиясын анықтау үшін скринингтен өтеді

0
218

Жыл сайын шамамен 4,5 миллион бала профилактикалық тексерістен өтіп, анықталған аурулары бойынша есепке алынады.


Келесі жылдан бастап жасөспірім қыздар арқа-бұлшық ет атрофиясын анықтау үшін скринингтен өтеді

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. 2025 жылдан бастап 16-17 жастағы бойжеткендерде арқа-бұлшық ет атрофиясына тасымалдаушылық белгілерін анықтау мақсатында скрининг енгізіледі, деп жазады stan.kz.

Жыл сайын шамамен 4,5 миллион бала профилактикалық тексерістен өтіп, анықталған аурулары бойынша есепке алынады. 9 айда 3,8 миллион бала қамтылды.

Балалар мүгедектігінің алдын алу мақсатында МСАК ұйымдарында 1500 "бала жетілдіру кабинеті" және босандыру ұйымдарында 50 "жаңа туған нәрестелерді бақылау жүргізу" кабинеті жұмыс істейді.

2022 жылдан бастап құрсақішілік патологияны ерте анықтау мақсатында 20 "жүктілікті сақтау орталығы" жұмыс істейді. Алғаш рет елімізде 11 құрсақ ішілік ота сәтті жүргізілді.

Генетикалық аурулар мен туа біткен ақауларды ерте анықтаудың қолжетімділігін жақсарту үшін 1 наурыздан бастап 10 өңірде перинатальды орталықтарда тексеру бөлімшелері ашылды. Осы уақытқа дейін 23 мыңнан астам әйел тексеріліп, 201 әйелде (1,3%) өмірге сәйкес келмейтін патологиясы бар баланың туылуы алдын алынды.