Келінін жақтырмайтын ене ұлының жанын шығарды

0
631

Келінің жақтырмайтын қайын ене ішімдікке сылқия тойып алып, баласымен жаға жыртысты.


Келінін жақтырмайтын ене ұлының жанын шығарды

ERNUR.KZ. Ұлы мен анасының арасындағы кикілжіңнің соңы төбелеске ұласты. Павлодар облысында көмек сұраған жас жігіт полиция шақыруға мәжбүр болды, деп жазады Zakon.kz.

Келінің жақтырмайтын қайын ене ішімдікке сылқия тойып алып, баласымен жаға жыртысты.

5 қарашада бір жігіт полицияға хабарласып, анасы ішіп алып, төбелес шығарғанын айтты: балағат сөздер айтып, пәтер ішінде қолында тиген заттарды жан-жаққа лақтырды, - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне жас жігіт мұндай жағдайда өзінің қауқарсыз екенін, көршілері алдында ұялтқа қалғанын айтты. Тәртіп сақшыларын көргенде әйел дереу сабасына түскен. Ол өз әрекетін кешкі ас үстінде аздап ішімдік алған соң келіннің кесірінен ұлына ашуланғанымен түсіндірді.

Әйелге қатысты ҚР ҚӘБП 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Профилактикалық әңгімеден кейін үй иесі ұлынан кешірім сұрап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде берді.