Кентаулық коронавирус жұқтырған жасөспірім 19 наурызда Алматыдан келген

0
1 176

Облыстағы жалпы науқастар саны 65-ке жетті,


Кентаулық коронавирус жұқтырған жасөспірім 19 наурызда Алматыдан келген

иллюстрациялық фото

Түркістан облысында 22 сәуір күнгі соңғы мәлімет бойынша тағы бір азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды. Облыстағы жалпы науқастар саны 65-ке жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кентау қаласының 2001 ж. тұрғыны 19 наурызда Алматы қаласынан келген. Вирус жұқтырған науқас қазіргі уақытта тиісті ем қабылдауда. Аталған азаматпен жақын байланыста болған адамдар анықталып, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған).
Арыс ауданында - 17, Кентауда - 6, Мақтаралда - 4, Ордабасы - 4, Сайрамда - 3, Сарыағаш ауданында - 4, Түркістан қаласы, Созақ ауданы және Бәйдібек аудандарында -2, Қазығұрт ауданында 1 науқастан анықталды.