Кез келген тұтынушы сатушының медициналық кітапшасын сұрауға құқылы - Жандарбек Бекшин

0
1 220

Еш құжатсыз, белгісіз жағдайда, белгісіз адамдар әзірлеген тағамдар өте қауіпті.


Кез келген тұтынушы сатушының медициналық кітапшасын сұрауға құқылы - Жандарбек Бекшин

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы - Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшин Наурыз мейрамында тағамнан уланудың алдын алу туралы кеңес берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айуынша, былтыр еліміздегі қоғамдық орындарда тамақтан уланудың 15 жағдайы тіркелген. Үйде дайындалған тағамнан 6 адам уланған.

«Мереке күндері табыс табуды көздейтін «кездейсоқ» кәсіпкерлер болады. Еш құжатсыз, белгісіз жағдайда, белгісіз адамдар әзірлеген тағамдар өте қауіпті. Бұл туралы Депаратменттерге хабар беру қажет. Одан бөлек, кремді-кондитерлік өнімдердің жылы жерде сақталғанын көрсеңіз, сатып алмаңыз. Арзан бағада тамақ өнімдері сатылса да, өнімнің сақталу мерзімін мұқият зерделеңіз, себебі жарамдылық мерзімінің бітуіне 2-3 күн қалуы мүмкін», - деді Жандарбек Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен бірге, бас санитарлық дәрігер кез келген тұтынушының сатушыдан тиісті құжаттарды талап етуге құқылы екенін еске салды.

«Сатушының жеке медициналық кітапшасын, өнімнің құжаттарын сұратуға, өзіңізге қандай кәсіпорынның қызмет көрсететін нақтылауға толық құқылысыз. Егер наразылығыңыз болса, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне немесе ПД мамандарына жүгініңіз», - деп кеңес берді Жандарбек Бекшин.