Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр.
ERNUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" кенішінде тағы бір қызметкердің мәйіті табылды, деп жазады stan.kz.
"2022 жылғы 6 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Казахстанская" шахтасының аумағында Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген қызметкердің мәйіті табылды. Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған", - делінген хабарламада.
Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр.
Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарында төтенше жағдай болып, 5 жұмысшы қаза тапты.