ХАТУ бұрынғы ректоры 8 жылға сотталды

0
532

Сот алдына ЖОО-ның бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков пен бұрынғы бас есепші Жанайым Спабекова келді.


ХАТУ бұрынғы ректоры 8 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен 1,7 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша сот ісі аяқталды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Сот алдына ЖОО-ның бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков пен бұрынғы бас есепші Жанайым Спабекова келді.

"Дамир Шыныбеков кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасы орташа қауіпсіз мекемеде өтесін. Жеке мүлкін тәркілеу, оның ішінде бірнеше жер учаскесі бар", - деп оқыды үкімді судья.

Жанайым Спабекова да кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, оның да жеке мүлкі тәркіленетін болды.

Іс материалдарына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі 2013-2018 жылдар аралығында университетке 10 миллиард теңгеден аса қаржы аударған. Прокурордың мәліметінше, Шыныбеков пен Спабековв жыл сайын Студенттер санын жасанды түрде арттырып, осы сомадан 1 миллиард 727 миллион теңге жымқыған. Ұрланған миллиардтар пәтерлер мен қымбат көліктерге жұмсалғаны белгілі болды.

Еске салайық, Дамир Шыныбеков былтыр 29 мамырда қамауға алынған болатын. Университет басшысы қызметін 2009 жылдан бері атқарған еді 2017 жылы Шыныбеков Алматы мәслихатының депутаты болып сайланды.