Кіші Шабақты көлінде ресейлік тоғыз жасар бала құтқарылды

0
927

8 шілде күні үрленген матраспен жүзіп жүрген баланы толқын көлдің ортасына ағызып әкеткен.


Кіші Шабақты көлінде ресейлік тоғыз жасар бала құтқарылды

ERNUR.KZ. Кіші Шабақты көлінде ресейлік тоғыз жасар бала құтқарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 8 шілде күні Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы Кіші Шабақты көлінде үрленген матраспен жүзіп жүрген тоғыз жасар баланы толқын көлдің ортасына ағызып әкеткен.

«Баланың ата-анасы құтқарушыларға жүгінді. Бір минуттан кейін олар катермен жетіп барып, баланы құтқарды. Балада құтқару желеті болмаған. Кейін анықталғандай, туристер отбасымен демалу үшін Ресей Федерациясынан келгендер екен. Баланың ата-анасы құтқарушыларға алғысын білдірді», - дейді ведомство өкілдері.

Ақмола облыстық ТЖД қызметкерлері ата-аналардан балаларын судың алдында қараусыз қалдырмауын сұрайды.

«Биылғы шомылу маусымы басталғалы өңірде шомылуға арналмаған суға түсемін деп үш бала батып кетті», - дейді құтқарушылар.