Оқиға орнына 80 құтқарушы мен 17 техника жұмылдырылып, арнайы мамандар 120 адамды эвакуациялады, олардың 25-і балалар.
ERNUR.KZ. Көкшетау қаласының орталығындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінде өткен түні өрт болды. Соның салдарынан бір адам көз жұмды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Тілсіз жау түнгі сағат 2-де Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында орын алды. Көкшетаудың орталығындағы жатақхананың төртінші қабатынан өрт шыққан.
Оқиға орнына 80 құтқарушы мен 17 техника жұмылдырылып, арнайы мамандар 120 адамды эвакуациялады, олардың 25-і балалар.
Өрт кезінде кейбір адамдардың бес қабатты ғимараттан құтқару қызметінің баспалдағы арқылы төменге түскені анықталды.
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, өрт басталмай тұрып пәтерлердің бірінде тұрмыстық жанжал орын алып, 1985 жылғы ер адам 1981 жылғы танысын пышақтаған. Осыдан кейін күдікті терезеден секіріп кеткен көрінеді.
Олар ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген. Алайда ер адам ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды. Ал оның азаматтық некедегі әйелі дәрігерлердің бақылауында.
Айта кетейік, уланған тағы бірнеше адам облыстық және қалалық ауруханаларға жеткізілді.
Ведомство мәліметінше, екі жасөспірім мен екі ересек адамның жағдайы аса ауыр.
Осы оқиға байланысты облыстық полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді.
Олар бұл жағдайға байланысты қылмыстық кодекстің 105 бабы 2 тармағы "Өз-өзіне қол жұмсау" бойынша іс қозғалғанын хабарлады.
Алдын-ала болжам бойынша, өрт орын алмастан бұрын ер адам әйелімен жанжалдасып, пышақ жарақатын салған.
Содан кейін ол тұрып жатқан жатақханасына от қойып, терезеден секіріп кетті.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.