Көкшетауда студент жігіт университеттің 6-шы қабатынан секіріп кетті (видео)

0
853

Студенттің жасы 19-да екен.


Көкшетауда студент жігіт университеттің 6-шы қабатынан секіріп кетті (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Шоқан Уәлиханов атындағы университетте суицид жасамақ болған жігіттің видеосы тарап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеода жігіттің ешкімге бой бермей жатқанын аңғаруға болады. Студент жан-жаққа тербеліп жатыр. Қатты айғайлар естілуде.
Бейнеролик тоқтап қалғанымен, жазба авторы жігіттің ақырында секіріп кеткенін мәлімдеді.
"Бұл сұмдық. Жігіт Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің терезесінен құлап кетті. Анық-қанығы тексеріліп жатыр", -дейді куәгер.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде оқиғаның бүгін болғанын хабарлады.
"Сағат 12:15- те белгісіз біреу 2001 жылы туған студенттің алтыншы қабаттан секіріп кеткені туралы хабарлама жіберді",- деді ведомствода.
Қазір студент жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.