Көлігімен елдің көзінше мақтанбақ болған тараздық жігіт ұятқа қалды (видео)

0
1 108

Жүргізушіні тәртіп сақшылары тоқтатпақ болғанда ол құлақ аспай, оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан.


Көлігімен елдің көзінше мақтанбақ болған тараздық жігіт ұятқа қалды (видео)

ERNUR.KZ. "Наурыз" мерекесінде "Қазақ хандығының 550 жылдығы" монументі алдында BMW жүргізушісі көлікті шыр көбелек айналдырып, трюк жасаған. Жол жабынына зиянын тигізген тараздық азамат өзін тоқтатпақ болған полицейлерден қашып құтылуға тырысқан, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Биыл 22 наурызда "Қазақ хандығының 550 жылдығы" монументі жанында BMW-530 жүргізушісі көлікті шыр көбелек айналдырып, трюк жасап, жол жабынына зиян келтірді", - деп мәлімдеді Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Ал жүргізушіні тәртіп сақшылары тоқтатпақ болғанда ол құлақ аспай, оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Полицейлер тәртіп бұзушының соңынан қууға мәжбүр болыпты. Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша хаттама толтырылды.