Көлігін темір қоршау тесіп өткен жүргізуші қыз қайтыс болды

0
1 017

Жүргізуші 24 жаста.


Көлігін темір қоршау тесіп өткен жүргізуші қыз қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматы-Өскемен бағытындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жол апатының суреттері әлеуметтік желіде таралды. Жеңіл көлік қоршауға соғылған. Қоршаудың темірі көлікті тесіп шыққан.

Жол апатынан 24 жастағы жүргізуші қыз қайтыс болды.

Алматы облыстық Полиция департаменінің хабарлауынша, жол апаты Алматы Өскемен бағытындағы тас жолдың 209 шақырымында таңғы 4-те болған.

«Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы «KIA RIO» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі, Алматы тұрғыны қайтыс болғанын анықтады. Сол жақ дөңгелектің желі шығып кетуінен бойжеткен көлікті басқара алмай қалған. Соның кесірінен жол шетіндегі қоршауға соғылған. Бойжеткен оқиға орнында мерт болды», - деді ПД.




Қазір бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.