Көлік полицейлері оқиға орнында Риддер қаласының екі тұрғынын ұстады

0
1 124

Келтірілген шығын көлемі -361 247 теңге.


Көлік полицейлері оқиға орнында Риддер қаласының екі тұрғынын ұстады

Өскемен-1 станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері алдын-ала келісу арқылы, Ново-Заводская станциясындағы теміржолда тұрған жылжымалы құрамның жүк вагондарынан ЖШС-нің біріне тиесілі құрамында бағалы металдар бар концентратты ұрламақшы болған екі азаматты оқиға орнында ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көлік полицейлері олардың 1980және 1995 жылдары туылған Риддер қаласының тұрғындары екендіктерін анықтады.

Келтірілген шығын көлемі -361 247 теңге.

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық сотының шешімімен ұсталған азаматтар ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша, яғни жасаған қылмыстары үшін кіналі деп танылып, олардың әрқайсысына 1 жыл 9 ай бас бостандығынан шектеу түріндегіжаза белгіленді.

Дереккөз: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі