Көпбалалы аналар қандай жағдайда баспанасынан айырылатыны белгілі болды

0
1 150

Қазақстанда 340 мың көпбалалы отбасы бар, әкімдіктерде 31 мың отбасы тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеуде тұр.


Көпбалалы аналар қандай жағдайда баспанасынан айырылатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Мемлекет өңірлерге көпбалалы отбасылар үшін жалдамалы баспана салуға және сатып алуға жыл сайын 50 миллиард теңгеден бөлуді жоспарлап отыр. Осылайша, жыл сайын алты мың, 2025 жылға дейін 40 мың көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады, деп жазады sputniknews.kz.

Бірінші мамырда 249 отбасы баспана алды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев. Мамырда 1 316 көпбалалы отбасыны баспанамен қамту, 2019 жылы 7 145 пәтер беру жоспарланған.

Пәтерлер сатып алу құқығымен де беріледі. Көпбалалы отбасылар сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерлерде өмір бойы тұра алады, дегенмен олар баспанадан айырылып қалмау үшін жалдау шартының барлық талабын орындауы керек.

"Қандай жағдайда үйден шығарылады? Егер алты ай ішінде жалақысы мен коммунальдық төлемдерді төлемесе, егер мүлікті қасақана бүлдірсе және көршілер шағымданса, егер пәтер дүкенге немесе қонақүйге қайта жабдықталса, егер отбасы пәтер алып, баспананы жалға бергісі келсе, мемлекет бұған жол бермейді. Отбасы пәтер (басқа) алған жағдайда, ол көшуі тиіс", - деп түсіндірді Өскенбаев үкіметтегі брифингте.