Көпбалалы отбасылардың балаларына бөлінген бес мың грант: қандай құжат қажет?

0
1 272

Көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары 086-У медициналық анықтамасы мен ҰБТ сертификатын тапсыруы тиіс.


Көпбалалы отбасылардың балаларына бөлінген бес мың грант: қандай құжат қажет?

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына қосымша бес мың грант тағайындау жалғасуда. Құжаттарды 10 тамызға дейін тапсыруға болады деп жазады sputniknews.kz.

Қосымша гранттарға ие болу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті балл жинау керек.
Ұлттық университеттер – 65, өзгелері – 50, "педагогика ғылымдары" бойынша кемінде 60 балл алған түлектер конкурсқа қатыса алады.
Байқауға қатысуға қажетті құжаттар:
  1. бекітілген үлгідегі бланкіде өтініш,
  2. білімі туралы құжат (қабылдау комиссиясына құжат тапсыру кезінде түпнұсқасы болуы керек),
  3. ҰБТ сертификаты,
  4. 086-У формасындағы медициналық анықтама,
  5. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі,
  6. мәртебесін растайтын құжаттар (көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан).

Қосымша бес мың грантты жергілікті атқарушы органдар байқау негізінде тағайындайды.

Облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдері байқау комиссиясын құратыны да белгілі болды.
Білім гранттарын тағайындау және ЖОО-ға түсу 25 тамызға дейін жалғасатын болады.
Грант иегерлерінің тізімін жергілікті БАҚ жариялайды.

Өңірлерде байқауды өткізуге жауаптылардың аты-жөні мен байланыс телефонын білім министрлігінің сайтынан табуға болады.