Көпқабатты үйлердің тұрғындары үшін жер салығы алынып тасталады: Заң жобасы сенатқа берілді

0
698

Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемесін 10-нан 20 есеге дейін арттыру көзделген.


Көпқабатты үйлердің тұрғындары үшін жер салығы алынып тасталады: Заң жобасы сенатқа берілді

ERNUR.KZ. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын парламент мәжілісінің депутаттары екінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Stan.kz.

"Заң жобасында көп пәтерлі үйлер үшін жер салығын алып тастау, жер және мүлік салықтарын бірыңғай мүлік салығына біріктіру, жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімін 31 желтоқсаннан 1 сәуірге ауыстыру ұсынылады", - деп атап өтті қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Сергей Симонов.

Сондай-ақ, салық салынатын жеке тұлғалардың кірістерінен инвестициялық қорлардың пайларын сату кезіндегі құн өсімінен түсетін табысты, жеке тұлғаның үкіметтік емес ұйымдардан әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсету үшін өтеусіз алған кірістерін алып тастау ұсынылады.

Заң жобасымен жалпыға бірдей декларациялау рәсімдері жеңілдетілді.

Кәсіпкерлерді қолдау үшін заң жобасында "инвестициялық салық несиесі"ұғымын енгізу ұсынылады. Кәсіпкерлер корпоративтік табыс салығы немесе мүлік салығы бойынша алдағы кезеңдердің салықтарын төлеу мерзімін үш жылға дейінгі мерзімге өзгертуге құқылы.

Заң жобасына Қазақстанда жеке тұлғаларға қызмет көрсететін шетелдік интернет-компанияларға ҚҚС салу жөніндегі нормалар енгізілген. Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап алкоголь және темекі өнімдеріне акциздердің мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру бар.

"Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету үшін заң жобасында ҚҚС төлеуші ретінде есепке қою шегін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 мыңнан 20 мың АЕК-ке дейін төмендету көзделген", - делінген құжатта.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемесін 10-нан 20 есеге дейін арттыру көзделген.