Өткен тәулікте 723 адамның пневмониямен ауырғаны анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 20 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 723 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 2139 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 21264, 243 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 2139 жетті.