Коронавирус өршісе, қалалар карантинге жабыла ма – министрлік жауабы

1
2 619

​Байтанаев 8 наурызда халық карантин талаптарын елемегендіктен, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында індет өршігенін айтты.


Коронавирус өршісе, қалалар карантинге жабыла ма – министрлік жауабы

ERNUR.KZ. Егер елде індет ушықса, қалаларды карантинге жабу мәселесі ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылады. Әзірге локдаун туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға арналған баспасөз мәслихатында журналист вирус күшейсе, қалалар карантинге жабылуы мүмкін бе деп сұрады.

"Егер жағдай ушықса, онда бұл мәселе ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылады және шешімді солар шығарады. Қазір бұл мәселе қаралып жатқан жоқ. Бәрі азаматтардың өз қолында", - деді Байтанаев.

Ол 8 наурызда халық карантин талаптарын елемегендіктен, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында індет өршігенін айтты.

Байтанаев елордада 18 наурыздан карантин күшейетінін және 21 наурыздан бастап әр жексенбі сайын толық локдаун енгізілетінін еске салды.


"Бұл қанша уақытқа созылады деген сұраққа жауап берсек, бәрі біздің азаматтарымыздың қолында. Алда Наурыз мейрамы келе жатыр, бас санитар дәрігердің қаулысында жазылған талаптарды дұрыс орындап, ара қашықтықты сақтап, маска тағып, антисептик пайдаланып, бұқаралық шараларға бармасақ, бұл локдауннан жылдам және оңай шығамыз", - деді ол.