Коронавирусқа қарамастан Қазақстанда несие рәсімдеу көлемі 14% өскен

0
704

Елдегі несие беруші банктердің ондығына кіретін Bank RBK биыл көшбасшы болып отыр.


Коронавирусқа қарамастан Қазақстанда несие рәсімдеу көлемі 14% өскен

ERNUR.KZ. Дағдарысқа қарамастан, банктер белсенді несиелік позицияны сақтап отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Маусым айында елде несие көлемі 15,1 трлн еңгені құрады, бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 1,2% -ға, былтырғы мамыр айынан 13,6% -ға көп.

«Елдегі несие беруші банктердің ондығына кіретін Bank RBK биыл көшбасшы болып отыр. Банктің несие портфелі бірден бір жарым есе артып, 449 млрд теңгеге жетті.
Екінші орында - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» : жылына 36,7%. Kaspi Bank несие портфелінің өсуі бойынша алғашқы үштікті түйіндейді: плюс жылына 14,6%», - делінеген хабарламда.

Сонымен қатар, төленбегеніне 90 күннен асқан несиелер көлемі айына 1,5% өскен. Жылдық көрсеткіш 10,9% жетіп 1,42 трлн теңгені құрады. Бір жыл бұрын ол 1,28 трлн болған. Бұл екінші деңгейлі банктердегі несие портфелінің небәрі 9,7%.

«Bank RBK- да NPL 90+ 5,5% төмендеп 50,5 млрд теңгені құрады. «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде» қайпаған қарыз көлемі 2,4 есе өсті (алайда бұл тек 3,3 млрд теңге). Kaspi Bank-те 2,2% бен 104,2 млрд теңгеге дейін өскен», - делінген хабарламда.